Аударма теориясы» пәнінің объектісі

Пәннің теориялық проблемаларын барынша нақты шеңберін анықтау үшін жалпы пән теориясын құруға мүмкіндік беретін сол ғылымның категориялық құрылысын сипаттайтын негізгі құрушыларды табу қажет. О.Ж. Әлиев оған пән парадигмасына енетін, ғылыми пәннің интегралды пәндік моделінің компоненттері болып табылатын, абстрактылы мәртебесін шамалауға мүмкіндік беретін ғылымның объектісі, тақырыбы, субъектісі, әдісі, функциялары, қызымет нәтижесі сияқты құрушыларды жатқызады. Осы абстрактылы мәртебені қалыптасқан бағалаулармен және әлдебір ғылымның қабылдауымен толтырған және оны ғылыми саласы ретінде институттандырылған жағдайда: «ғылыми – пәннің диалектикалық бірігейлігін сақтайтын, әр жағы жүйелі түрде берілген, осы ғылымның тұтас категориялық сабын құрайтын ұғымдар жүйесі (ғылыми пәннің интегралдық пәндік моделінің элементтерінің) арқылы мазмұнды түрде сипаттау ғылыми пәннің жалпаы абстрактілік мәртебесін құрастырады. Осы ғылым және басқа ғылымдардың, ұйымдардың өкілдерінің қалыптасқан пікірлері мен бағаларымен ғана толтырылғанда абстрактілік мәртебе дерек ғылыми пәннің мәртебесіне ие болады» [Әлиев, 1996, 36].

«Аударма теориясы» пәнінің категориялық құрылысының элементтерін табу мәртебесі институттандырылуын анықтауға ықпал етеді. Cолай бола тұрса да, осы кезге шейін қолданыстағы тұжырымдардың ешқайсысы аударманы өз объектісі, тақырыбы мен зерделу әдісі қалыптасқан білім саласы ретінде көрсете алмады. Көптеген жағдайларда практикалық қызмет ретіндегі «аударма» мен ғылым мәртебесіне ұсынылатын ұғым ретіндегі аударманың ара жігі ажыратылмады. Сондықтан объектісін, тақырыбын нақтылап, аударма теориясының субъектісін анықтау қажет.

Тұжырымдамалардың көпшілігінде бұл пәннің объектісі жеткілігінше нақты анықталмаған: объектінің анықтаушына «үдеріс», «шығармашылық үдеріс», «тілдік қызмет» және басқа да осы терминнің мазмұнын нақтылайтын ұғымдар енгізілген. Белгілі бір тұжырымдамаға (лингвистикалық немесе әдебиеттану) қарай, зерттеу объектісі әр түрлі лингвистика немесе әдебиеттану шеңберінде анықталады. Мәселен, аударманың лингвистикалық тұжырымдамасында аударманың жүйелі-тілдік, функциялық-сөйлеу, семантикалық қырлары, бастапқы және аударма мәтіндерін салғастыруға негізделген аудармашылық талдау, түпнұсқа мен аударманың ара қатысын, түсінік пен толықтыруды қажет ететін әр қилы жағдайларда қабылдайтын формаларының айырмашылығын зерделеу – аударматану объектісі болып табылады. А.И. Федоровтың пікірінше, «аударма теориясы өзінің лингвистикалық тұғырынан тәржімашылық тәжірибені талдау, түсіндіру, топшылдау барысында екі тілдің арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтарды белгілейді» [Федоров, 2002, 263].



Аударманың лингвистикалық теорияларында (Я.И. Рецкердің заңды сәйкестіктер теориясы, аударманың денотативтік теориясы (Дж. Кэтфорд, В.Г. Гак), аударманың транформациялық теориясы (О. Каде, Ю Найда және т.б.), семантикалық теорияда (Д.Ж.Кэтфорд) эквиваленттілік теориясында (В.Н. Комиссаров, Л.К. Латышев) назар, біріншіден, тіл мен сөйлеу деңгейінде түпнұсқа мен аударма бірліктерінің арасындағы заңды сәйкестіктерді табуға; екіншіден, денотаттарды немесе аударылатын сөздің астарындағы жағдайларды және солардың екі тілде қарапайым күрделі трансформацияға түскен түпнұсқаның бастапқы бірліктерінің түрлену мүмкіншіліктеріне; үшіншіден, түпнұсқа мазмұны мен аударма мәтіні деңгейінде эквиваленттілікті қамтамасыз етуге аударылады.



Аударманың әдебиеттану тұжырымдамаларында (функционалдық, семантикалық, эстетикалық) аударма объектісі талдаудың бағытына қарай әр түрлі бөлінеді. Мәселен, функционалдық жолдың өкілдері басты орынға автордың ойын дәлме-дәл жеткізуді қояды. Мұндағы басты міндет – функционалдық ұқсастыққа қол жеткізуді В.Матезиус функционалдық аударманың мәні түпнұсқадағыдан өзге жолдармен болса да бастапқыда қандай әсер қалдырса, сондай әсерді қалдырылу мүмкіншілік екенін дәлелдейді. И. Левыйдың пікірінше, функционалдық ұқсастық тұжырымдамасы аударма теориясында барынша шығармашыл болып есептеледі, бұған сәйкес түпнұсқаның әлдебір тілдік элементтерінің ақпараттық функциясы зерделеніп, тілдік құралдардың қайсысының аудармада сол қызметті алып шығатыны анықталады (Левый,1974).

Әдебиеттанушылар түпнұсқа мен аудармада ақпараттық функциясын барабарлығын анықтаумен қоса «теориялық дайындық» ұғымын қарастырады. Авторлардың ойынша, түпнұсқа мен аудармада функционалдық ұқсастық сақталу керек. Солардың ішінде, С.М. Алтыбаева мен М.Х. Маданованың пікірінше, ең маңыздылары: «1) аударманының тілдік шеберлігі; 2) аудармада түпнұсқаның мәдени - ұлттық ерекшеліктерін сақтау, халықтың тарихын, этнографиясын, эстетикалық талғамын білу, мінез – сипат өзгешеліктерін еске алу; 3) әр ұлттық автордың поэтикасының іргетасын қалайтын көркем әдебиеттің заңдылықтарын, көзқарастың ерекшеліктерін ескеру» [Алтыбаева, Маданова, 2000, 8].

Семантикалық бағыт көркем аудармада форма мен мазмұнның бірлігінің сақталғанын жөн көреді. Эстетикалық бағыт аудармашының шығармашылық қызметімен байланыстырылатын эстетикалық және әдебиеттанушылық факторларға көңіл аударады.

А. Лилованың «Введение в общую теорию перевода» еңбегінде аударманың жалпы объектісін анықтауға барынша сабақтасты жол көрсетілген, онда автор аударма теориясы мүлде лингвистикалық, не әдебиеттанушылық емес, өзінің зерттеу объектісі мен тақырыбы бар дербес ғылыми пән деген пікір айтады. Алайда, бұл жұмысты жеке объект ретінде қарастырмай, өзара аударманың идеясымен бірігуге тиіс дүниелердің конгломераты ретінде беріледі. Автордың ойынша, факторлар номенклатурасы аударманың жалпы теориясының тақырыбын құрайды. Оларға жататындар: 1) аударманың барлық түрлерінде тән жалпы заңдылықтар; 2) аударманың табиғатын, мәнін, принциптерін, мақсатын, шығу тегі мен мағынасын жүйелі зерделеу; 3) шығармашылық аудармашылық үдерісті зерттеу; 4) аударманың барабарлығының проблемасы, жекелеген халықтар мен бүкіл адамзаттың дамуындағы аударманың тарихи рөлін зерттеу; 5) оның рухани қызметінің басқа түрлерімен өзара қатынасы; 6) адамзат қызметіне тән функциялар кешені; 7) тілдік (қос тілді коммуникацияны талдау); 8) аударма формаларының түрлері мен жанрларының бірыңғай жүйесі (Лилова,1985,40).

А. Лилованың тұжырымдамасын зерделеу автордың, біріншіден, аударманың объектісі мен тақырыбын шектемегенін; екіншіден, өзара нашар байланысқан көптеген зерттеу тақырыптарын көрсеткенін; үшіншіден, аудармаға «түпнұсқаның мазмұны мен формасын басқа тіл бірліктері арқылы щығырту үдерісі» ретінде дұрыс та сәтті анықтама бергеніне қарамастан, «жаңғырту» проблемасын аударманың объектісі ретінде қарастырғанын көрсетеді.

Қарастырылған тұжырымдамаларды талдау көптеген зерттеушілердің аударманың «объектісі» мен «тақырыбын» шектемейтінін, көптеген жұмыстарда аударманың «объектісінің» көбіне көрсетілмейтінін атап айтуға мүмкіндік береді. Тек соңғы жылдардағы зерттеулерде аударманың объектісі мен тақырыбының ара жігін ажыратуға талпыныс жасалуда. Мәселен, В.В. Сдобников пен О.В. Петров объект ретінде әлемнің материалдық құбылыстарының шеңберіне кіретіндерді қарастыра келіп, аударманың лингвистикалық теориясының объектісін былай түсіндіреді: «тіларалық коммуникация шеңберінде өткерілетін дәнекерлік аудармашылық іс - әрекет, ол тікелей (үдеріс) және аудармашылық үдеріс нәтижесінде көрініс береді». Авторлардың ойынша, аудармашылық үдеріс заңдылықтары, аударма үдерісінің жүруіне ықпал ететін және аударма нәтижесін анықтайтын факторларды, зерделеу аударма теориясының тақырыбы болып табылады. (Сдобников, Петров,70).

Аудармашылық қызметті аударма объектісі ретінде талдау үшін жаңа білім қажет, осы үдерістің жүруінің жалпы заңдылықтары – тақырыбы болып табылатындықтан, тұтасынан алғанда аударма теориясының объектісі мен тақырыбы дұрыс көрсетілген. Алайда жұмыста пәннің категориялық құрылысы, құрушылардың қалғандары қарастырылмаған, онсыз аударманың мәртебесін белгілеу мүмкін емес.

С.В. Тюленев пәннің концептуальдық аппаратын, атап айтқанда объект, пән мен әдістерін барынша толық қарастырған, оның ішінде аударма теориясының объектісі мен тақырыбы жеке-жеке сипатталған. Автордың ойынша, «аударматанудың нысаны – табиғи, вербалдық (жасанды сигнал, нышандар тілінде емес) өткерілетін қауышу болып табылады» [Тюленев, 2004, 28]. Аударма туралы пәннің тақырыбы зерттеушінің пікірінше, «тікелей аудармашылық іс - әрекет және осы үдерістің нәтижелері – аударма мәтіндері» [Тюленев, 2004, 28].

Аударманың бұл тұжырымдамасында автор тіларалық қатынасты аударматану объектісі ретінде сипатттап, аудармашының (немесе аударманың) көмегімен жүзеге асырылады дегеніне қарамастан, объект аударманың табиғатын танытпайды және оның мәнін сипаттамайды, - дейді. Себебі аударма-қатынас емес, коммуникациямен байланысты қызмет, оның үстіне қайталама сипаттағы қызмет. Пәннің тақырыбы мен объект түрлі критерийлер негізінде ажыратылығанның орнына, оларды араластырып жіберген. Автордың аударматануда түпнұсқаны аудармамен немесе аудармалармен салғастыра талдау, мақсаты сөйлеу (parole) деңгейінде екі тілдің айырмашылығын немесе ұқсастығын анықтау болып табылатын контрастивтік талдау сияқты зерттеу әдістерін қарастыруға ұмтылысы құптарлық.

Алайда, С.В. Тюленевтің жұмысында теорияның әдістемелік концепциясы концепті зерттеу объектісінің, тақырыбы мен әдістерінің сипаттамасымен ғана шектеледі, ал аударманың пәндік теориясы категориялық құрылысының барлық элементтерінің сипаттамасын қажет етеді, себебі, біздіңше, объектің, тақырып пен әдістің сипаттамасы ғана емес, субъектісі мен сол ғылым функцияларының анықтамасы керек.

Объект – аударманың категориялық құрылысының логикасында негізгі ұғым. О.Ж. Әлиевтің ойынша, «ғылыми пәннің нысана субъектілері танымдық, зерттеушілік үдерісінде өзара әрекеттесетін заттарды, құбылыстарды, ақиқаттың үдерістерін жатқызуға болады. Сондықтан объект, субъект пен ақиқаттың өзара әрекеттесу үдерісінің өнімі болып табылады, ол субъектісіз жүзеге асырылмайды» [Әлиев, 1996, 39]. «Тіршілік – тіршілік ету» критерийіне сәйкес, О.Ж. Әлиев зерттеу объектісі мен білім объектісін нақты ажыратқан. Зерттеу объектісі – сол ғылым субъектісінің танымдық-зерттеушілік қызметінің бағытталғаны (тіршілік ету). Білім объектісі (тіршілік) – «соған осы теоретикалық – экономикалық білімді жатқызуға болады. Бұндай «білім осы ғылымның пәні болып табылады» [Әлиев, 1996,117].

Объекттің жалпы анықтамасы мен «тіршілік-тіршілік ету» критерийінің негізінде аудармадағы теориялық білім объектісіне аудармашылық қызметте имманенттік, алайда аудармашының қайталама репродукциялық сөйлеу-мәтіндік және делдалдық қызметінің үдерісінде өзекті болатын аудармашылық қабілет ретінде анықтама береміз. Бұл анықтамада зерттеу субъектісінің танымдық қызметінің неге бағытталғаны, атап айтқанда, түпнұсқаның мазмұны мен формасын аударма тілінде жеткізе білуде танылатын аудармышылық қабілет сипатталады. Ю.Н. Карауловтың ойынша, тілдік қабілеттің ұғымын «тілді толық түсініп, сол тілде белгілі шығармаларды дайындау дағдыларын, ептіліктерін білу қабілеті деп түсінуге болады» [Караулов, 1987]. Аудармашылық қабілет екі тілді меңгерумен, бастапқы мәтінді түсініп, соны аударма тілінде жеткізе білумен, мәтінді басқа тілде автордың ойына сәйкес түсіндіре алуымен, аударма технологиясын білумен, мәдениетаралық коммуникативтік – мәтін құрастырушы қызметке қатысумен, автордың көркем ойы мен шығарманың көркемдік бейнесін жеткізе алуымен өткеріледі.

Аудармашылық қабілет аудармашылық қызмет үдерісінде танылатындықтан екі тіл мен олардың нормативтік – құндылық арақатынасын пайдалану барысында тіларалық коммуникативтік акт үдерісінде жүзеге асатын екінші, репродукциялық қызмет ретінде сипатталуы мүмкін. Аудармашылық қызметтің өзі таным объектісі болуы ықтимал. Мұндай екінші түрлендірілген қызметтің нәтижесі аударма тілінде мәтін түрінде ресімделеді. Осы аудармашылық қызмет нәтижесінде аударылған мәтін жасалады. Оны қалыптастыру мен жасау үдерісінде аудармашылық қабілет пен шеберлік өзекті.

Пәндік нышаны жағынан аударма объектісі көптеген ғылымдардың тоғысында қалыптасатын көп пәнді немесе кешенді пән ретінде сипатталады, себебі аударма – көптеген алуан текті факторлар негізінде құрылатын құратын күрделі үдеріс. «Аударма теориясы» пәнінің мәндік табиғатын зерделеу, оның объектісінің табиғатының шынында күрделі және кешенді сипатта екенін көрсетеді. Аударма теориясының онтологиясы, ең алдымен, оның бірінші құрастырушысының табиғатымен, «тіл мен сөйлеудің қызметтік тұжырымдамасының табиғатымен байланысты. Коммуникативтік үдеріс пен байланысты аудармашылық қызмет шеңберінде аудармашылық қабілет пен шеберліктің көрінісін байқауға болады. Аудармашылық қызметке барынша жалпылама түрінде қызмет категориясының бүкіл нышандары тән. Аударма сөз қызметінің ерекше түрі болып табылатындықтан, аударма теориясының объектісін сипаттағанда психолингвистика деректеріне, біріншіден Л.С. Леонтьевтің, Л.В. Щербаны еңбектерінде жасалған сөйлеу қызметі теориясына (сөйлеу қызметінің үш аспектісі туралы ілім), әлеуметтік философияда (К.Маркс, Ф.Энгельс, Д.Е. Нысанбаева және т.б.) жасалған тілдің қызметтік тұжырымдамасына назар аудару керек. Аударма теориясы үшін сөйлеу қызметі туралы, үш аспектісі туралы, сөйлеу қызметінің құрылымы туралы қағидалар, сол сияқты процессуалды – кинетикалық белсенділік (тілдің сөз функциясы), статикалық ұйымдасқан қызмет (тіл субстанциялық – динамикалық құбылыс ретінде), қатынас құралдары (қатынас атрибуттары) сияқты бірнеше варианттағы тілдің қызметтік көрінісі туралы тілдің процессуалдық – динамикалық тұжырымдамасының қағидалары мейлінше маңызды болмақ. Тілдің сөйлеу қызметі мен қызметтік тұжырымдамасының барлық қағидалары сөйлеу қызметінің үш аспектісі (тілдік жүйе, айту мен түсіну үдерістері), тілдік материалы (мәтін) бар екінші репродукциялаушы аудармашылық қызмет теориясын жасауға негіз болады (ол қызметтік тұжырымдамада тілді түрлі инварианттарда көрсетеді, себебі тілді сөйлеу қызметінде, сол сияқты тілдік код (қатынас пен тусінудің атрибуты) түрінде пайдаланады. Сондай-ақ тіл аудармашылық қызметте статикалық ұйымдасқан қызмет (бастапқы тілдің мәтіндері мен аударма тілінің мәтіндері) ретінде де қолданылады. Бастапқы және аударма мәтіндерді зерделеу мәтін проблемасының аударма теориясында басты проблемалардың бірі екенін көрсетті, себебі аудармашы түпнұсқаны түсіндіргенде (интерпретация) де, оны аударма тілінде синтездегенде де мәтінмен жұмыс істейді. Сондықтан, Р. Штольценің ойынша, аударманың негізінде тұтастай мәтінді герменевтикалық талдау мен ұтымды лингвистикалық критерийлер негізінде жүйелі талдаудың органикалық қосылуының мүмкіндігі жатқандықтан аударма үдерісін мәтіннің герменевтикасы мен лингвистикасының тығыз байланысын ескеріп, теориялық пайымдау керек (Stolze,1982).

Аударма теориясының онтологиясын анықтағанда аударма теориясы мен контрастивтік лингвистиканың ара қатынасын анықтау маңызды, себебі тілдердің өзара айырмашылықтарын анықтайтын осы ғылымның деректері аударма теориясын жасауға ықпал етеді. А.Д. Швейцер контрастивтік лингвистиканың (А тіл мен В тілдің функциялық бірліктерінің ара қатынасын зерттей келіп), аударма теориясын жасауға қажетті іргетас болатынын ескереді. Шынында, аударма технологиясын құрайтын көптеген аудармашылық трансформациялар түптеп келгенде аударма үдерісінде «бір-бірімен тоғысатын» тілдердің функциялық-құрылымдық айырмашылықтарына апарады. Контрастивтік лингвистика бірқатар жағдайларда аудармада қандай операция жүзеге асырылды деген сұраққа жауап береді (Швейцер,1988).

Адамның өзіне тән мәдениеті мен тілі бар белгілі бір этносқа жатуы да онтологиялық маңызды факторларға кіреді. Н.Ж. Шаймерденова мен Р.А. Авакова мәдениеттің дифференциялық рөлін айта келіп, былай деп жазады: «этностар бір-бірінен кең мағынада түсіндірілетін мәдениетімен айырықшаланады. Осы ұғым өз құрамына әдебиетті, өнерді, дінді, ұлттық тамақты, үйдің кеңістігін ұйымдастыру (ыдыс, жихаз, оларды ретімен орналастыру), мінез-сипат нормаларын (сәлемдесу формулаларын, сыпайылық ережелерін, проксемиканы, яғни әңгімелесушілердің отыратын, не тұратын аралығын, т.б.) кірістіреді» [Шаймерденова, Авакова, 2004, 6-7]. Этностың ішкі дүниесі, тілмен көрінетін ұлттық формадағы және ұлттық бейнесі бар төл мәдениеті болады. Тіл мәдениетке енеді, себебі әр тілде сөйлеуші сонымен қатар өз қоғамның шеңберінде меңгерген мәдениеттің сақтаушысы да болып табылады. Сондықтан тілдік белгілер мәдениет белгілерінің негізгі ұстанымдарының, нормалары мен қондырғыларының құралы болуына мүмкіндік береді.

Тіл өз құрылымында мәдениеттің әмбебапты және этносұлттық компоненттерін танытады. Ұлттық формасы мен ерекшелігіне байланысты мәдениеттер айырықшылығы түрлі тілдерде де айырықшылықтардың пайда болуына ықпал етеді. Эквивалентсіз лексика, лакуналар, лексикалық сәйкестіктердің денотативтік айырмашылықтары, олардың коннотативтік ерекшелігі – осының бәрі аударма кезінде қиындық тудырады, сондықтан басқа халықтың ділі мен мәдени құндылықтарын аудармашы білуге тиіс.

Аударма теориясының онтологиялық құрылысына әр түрлі халықтар элемің тілдік бейнесін түсіну, қабылдау, білу, тілдік сана мен когнитивтік лингвистиканың, тағы басқа ғылым салаларының проблемалары кіреді. Түсіну мен қабылдау когнитивтік ғылымның бөлімі – когнитивтік психологияда тыңғылықты зерделенеді, дегенмен аударма теориясында түсіну бір тілден екіншісіне аударғанда барабарлыққа жеткізуде өзекті ететін бастапқы категория ретінде қарастырылатындықтан бұл проблема – пәнаралық. Басқа тілді меңгеріп, мәтін авторы мен адресат арасында делдал аудармашы автордың ойын түсінуге тиіс, сондықтан ол ушін бастапқы мәтінді түсіну және түсіндіру маңызды. Тек қана мәтіннің қиын тұстарын ғана емес, мәтіннің астарын тереңнен түсіне білуі керек. Әуесқой емес маман аудармашыны дайындау сезімдік-эмпиризмдік және түйсік-психологиялық таным деңгейінде түсінумен шектеліп қалмайды. Ол толық түсінуге, яғни мәтінге терең бойлауға итермелейді (Брандес1988,20).

«Өзінің» және «өзгенің» қабылдау ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі аударма кезінде өз мәдениеті «өзінің» қабылдауы қалыптасқан адресаттан өзге лингвомәдени қауымдастыққа жататын «автордың қабылдауы» тоғысқанда туындайтын қабылдау кедергілерінің пайда болуымен байланысты. Мұндай жағдайда аудармашының міндеті – мәтін немесе хабар авторының эквивалентті қабылдауына барабар қабылдау тудыру, ол үшін «өзінің» және «өзгенің» қабылдау категорияларын білуі, әр түрлі мәдениеттердің рәсімдері туралы түсінігі болуы керек. Адресат бастапқы мәтінді түсіну үшін аудармашы халықтық, тілдік, социомәдени, прагматикалық, яғни аудармашының мәдениетаралық біліктілігінің негізін құрайтын білімдерді меңгеруге тиіс.

Сондай-ақ аудармашының әр халықта әр қилы болып келетін тіл әлемі суретінің ерекшеліктері туралы түсінігі болуға тиіс. Тіл әлемі суреті дегеніміз адамның таным арқылы біліп, тіліне енген әлем туралы білімдерінің жиынтығы. Әр тіл ұлттық концепциясына сәйкес әлемді өзінше бөлшектейтіндіктен әлемнің логикалық көрінісі барлық этностарда әмбебап, ал тілдік суреті айырықша және ерекше. Аудармашылық қызметтің субъектісі оны түсініп, меңгеру үшін басқа мәдениетке үңіліп, басқа мәдениет пен қоғам шеңберінде әлеуметтік тәжірибе жинақтауы қажет. Тіл әлемі суретінің ұғымы адамның әлем туралы түсініктерінен құралады. Егер сол адамның әлемі - қоршаған ортасы болса, онда әлем көрінісі – орта мен адам туралы ақпараттық өңделу нәтижесі, себебі, когнитологтар дәлелдегендей, тілдік әлем суреті түрінде көрінетін концептуальдық жүйе физикалық және мәдени тәжірибеге қатысты және сонымен тікелей байланысты (Арутюнова,1998,123).

Аударма теориясы онтологиясының келесі құрастырушысы – тілдің әлеуметтік құрылымдары, солар арқылы көрініс табатын қоғамның әлеуметтік-тілдік құрылымдары. Аударманың социолингвистикалық проблемаларының ішінен «аударма және қоғамның әлеуметтік құрылымдары», «аударма әлеуметті детерминацияланған коммуникативтік үдеріс сияқты», «аударманың әлеуметтік нормалары» тәрізділерін бөлуге болады. Аудармада әлеуметтік құрылымдарды көрсету елеулі қиындықтар тудырады, себебі, біріншіден, қоғамның әлеуметтік стратификациясы әр түрлі социумдарда әртүрлі, тілдің әлеуметтік варианттылығы да эквивалентті емес. Ал А. Нойберт былай дейді: «аударма теориясы үшін түпнұсқалы тіл мен аударма тіліндегі вариативтіктің екі түрін салғастыру маңызды болып табылады» (Noubert, 1977). Әлеуметтік вариативтік, мысалы, бастапқы тіл мен сөзде екі – стратификациялық варианттылық қоғамның әлеуметтік құрылымымен тікелей байланысты және әр түрлі әлеуметтік жіктер мен топтар өкілдірінде байқаланатын тілдік және сөйлеу айырмашылықтарында көрініс табады. Ал жағдайлық варианттылық әлеуметтік жағдайға қарай көбіне әлеуметтік- маркерлік тілдік құралдарды – жекелеген бірліктерді немесе тұтас жүйелер мен шағын жүйелерді қолданғанда байқалады. Позициялық және рөльдік өлшемдерге ие әлеуметтік мәртебе, стратификациялық өзгермелінің бірлігі болып табылады. Өз мәртебесіне, белгілі бір әлеуметтік қатынастардың (иерархиялық, көшбасшы – соңына еруші, адвокат – клиент) атқаралатын әлеуметтік рөльден туындайтын позициясына қарай бастапқы мәтін субъектілері авторитарлық немесе авторитарлық емес тіл құралдарын, тілге қызмет ететін әлдебір формаларды қолдануы мүмкін.Әлеуметтік таңбаланған құралдарды пайдалануы да әлеуметтік рөльмен және жағдайдағы позициямен байланысты.

Әр түрлі қоғамдарда әлеуметтік ақиқаттың әр түрлі мүшеленуі де аудармада қиындықтардың тууына ықпал етеді, себебі стратификациялық өзгермелілер - әр түрлі қоғамдардағы әр қилы страттарды бөледі. Сондай-ақ барлық тілдерге белгілі бір елдегі әлеуметтік құрылыстың, мемлекеттік институттардың ерекшеліктеріне байланысты ұғымды білдіретін сөздер болады. Мәселен, жұмысшылар, колхозшылар сияқты советизмдер кеңестік қоғамда топтарға бөлінушілікті білдірсе, аударма тілінде жай, - сияқты қабылданады, «буржуазный» сөзіне, ағылшынша «bourqeuts», сәйкеседі. Алайда бұл сөз арнайы әдебиетте ғана қолданылады, ал әдеттегі сөйлескенде «petty bourqeouis mentality» -«мещанство» немесе « you`re so bourqeois» - « предрассудки» - «болжам, жорамал» сияқты ғана қолданылады.

Аударма мәдениетаралық коммуникация актісі ретінде қоғамның әлеуметті құрылымдарынан (стратификациялық және жағдайлық өзгермелілер) жасалады. Мәселен, коммуникант белгілі бір әлеуметтік қатынасқа түседі, белгілі бір әлеуметтік роль атқарады, белгілі бір жағдайларда (жағдайлық өзгермелі) бірінші және екінші тілді (әлеуметтік кодтар) қолданады.

Аударма кезінде аудармашыға тән коммуникативтік интенция (коммуникацияның мақсаты), диалог сөзді коммуникативтік прагматиқалық тұғырынан құру және реттеу принциптері (ынтымақтастық, кооперация, ақиқат, тіл құралдарын үнемдеу, релеванттылық, сыпайыгершілік, әсер ету, өзара әрекеттетік, бағыныштылық және басқа ұстанымдар), бастапқы және аударма мәтіндерінің функционалдық параметрлері, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар, тіл элементтерінің функциялары, мәтін (бастапқы және аударма) субъектілерінің сөйлеу мәнері, олардың барабар келу-келмеуі, тіл құралдарының бағалылығы мен коннотативтілігі, жағдайдың дейктикалық компоненттері, референция сияқты прагматикалық білімдерді, қатынастарды, шеберлік пен дағдыларды меңгеру қажет болатындықтан аударма теориясы сондай-ақ прагматика тәрізді аралас ғылымның деректерін ескереді. Аудармашылық қызмет мәдениетаралық коммуникация ретінде де қарастырылатындықтан аудармашы аударма кезінде локуция (мәтінді жіберушінің сөйлеу бірлігін айту сәті), иллокуция (таңдаған бірлігін айтқанда мәтін жіберушінің көздеген мақсаты) сияқты элементтерді қамтып, бастапқы тілдегі сөйлеу актісінің ерекшеліктеріне аударма тілінде дәлме-дәл жеткізілуіне назар аударады. Перлокуция (мақсатқа жету, ықпал ету фактісі), зерттеушілердің репрезентативтері, директивалар, экспрессивалар, декларациялар, комиссивтер ретінде сипаталатын сөйлеу актілері типтерінің эквиваленттілігі және басқалар түпнұсқадағы сөздік актінің ойын жеткізуге бағдарланады. Сонымен қоса, аудармашы хабар-мәтінді жіберушінің сөйлеу мәнерінің ерекшеліктерін де барабар жеткізуге тырысады. Мәтін жіберушінің ой-астарын білдіруде сөйлеу дыбыстарын автоматты түрде ойланбастан, түйсікпен таңдауының жаттанды да дара көрінісін сөйлеу мәнері деп түсінеміз.

Аудармада «сөздің прагматикалық мәні» де маңызды роль атқарады. «Семантикадағы сөздің мәні» мен «прагматикалық мән» терминдерін ажырату керек, себебі семантика әлемге таным мен суреттеу объектісі ретінде, ал прагматика әлемді тану, суреттеу, сол туралы ақпарат алмасу субъектісі ретінде адам қызметімен байланысты сол әлемнің элементтеріне көңіл аударады. Сондықтан семантика сөздің объективтік-заттық мәнін аша отырып, субъективтік сипатқа иеленеді. Прагматикаға субъективтік бағыт тән, сондықтан мәтінді жіберушінің интенциясының, ой тақырыбына субъективтік қатысының арқасында контекстегі сөз субъективтік-бағалық мағынаға ие болады. Аудармашы адресатқа осы мағынаның ерекшеліктерін, яғни прагматикалық мәнін жеткізуге тиіс.

Көріп отырғанымыздай, аударма теориясында зерттеу субъектісінің танымдық қызметінің онтологиялық табиғаты күрделі, аударматануға негізделген, басқа аралас ғылымдардың да деректерін қамтыған объектіні жан-жақты сипаттауға бағытталған.

Сондықтан аударма теориясының объектісін социолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, когнитология, контрастивтік лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, прагматика және басқа аралас ғылымдардың деректері енген полисинтетикалық нысан деп білеміз.

№1 нобайда аударма теориясының осы көп пәнді, күрделі объектісінің ерекшеліктерін қарастырайық:


1 сурет – Аударма теориясының объектісі


9306155055526106.html
9306180962570572.html
    PR.RU™